Ақан Сатаев сақ патшайымы Томиристің рөліне іріктеу өткізіп, басты рөлге психолог Альмира Тұрсынды таңдаған еді. Енді режиссер Томирис патшайым 15 жастағы образын сомдайтын қызды да таңдады.  Ол жақында ғана Мөлдір Әуелбекованің жетекшілігімен құрылған «Назар» тобының солисті Салтанат Серкебаева. Бұл туралы Мөлдір өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті.

“Мінекейіңіздер жаңалық! Ақан Сатаев ағамыздың тарихи “Томирис” туындысына басты рөлге іріктеу аяқталды! Мен үшін еселенген қуаныш! “NAZAR” тобының мүшесі Серкебаева Салтанат Томиристің жастық шағын сомдауға бекітілді! Салтошым менің сәттілік серігің болсын! Анаңды, бізді, халқыңды өнеріңмен қуанта бер! Ұжымға біздің ұжым атынан сәттілік тілейміз!” – деп бөлісті Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында.

Пікір қосу