• Әмина, бұған дейін сені анаңның ғаламторға жариялаған вайндары (бейнетаспа) арқылы танитынбыз. Ал қазір киноларға да түсіп жүрсің. Өзіңе киноға түскен ұнай ма?
  • Әрине, ұнайды. Мен жақында «Келинка тоже человек» деген киноға түстім. Бұған дейін «Өгей жүрек» телехикаясында сіңлім Әдия екеуміз кіші-гірім эпизодта ойнағанбыз. Сондай-ақ биыл «Женатики» деген сериалға және әншілермен бірге жаңа жылдық бейнебаянға түстім.
  • «Келинка тоже человек» фильміне түскенде қандай қиындықтар болды?
  • Ешқандай қиындық болған жоқ. Керісінше маған киноға түскен қатты ұнады. Онда көптеген әртістермен таныстым.
  • Әртістерден саған кімдердің ойнағаны ұнады? Кімді үлгі тұтасың?
  • Актрисалардан Данагүл Темірсұлтанованы, Әсел Сәдуақасованың ойнағандары ұнады.
  • Әртістер сені «біздің болашақ Әмина Өмірзақова» деп айтады екен. Әмина Өмірзақова апаң туралы білесің бе?
  • «Келинка тоже человек» фильмінің түсірілімінде әртістердің барлығы мені «Біздің Әмина Өмірзақовамыз» деп еркелететін. Анамның айтуынша, ол кісі көптеген киноларда түрлі рөлдерді сомдаған. Әсіресе, комедиялық жанрда керемет ойнаған деп естимін. Болашақта мен де сол кісі сияқты актриса болғым келеді.    
  • Меніңше, сен де комедиялық жанрдағы киноларда жақсы ойнайтын сияқтысың.
  • Барлығы маған солай айтады (жымиды).
  • Анаң инстаграмға үнемі қызықты вайндарды жариялап отырады. Кейде видеоға түсуден жалықпайсың ба?
  • Жоқ, жалықпаймын. Мен анама «видеоға түспеймін» деп айтқан емеспін. Керсінше бұл біз үшін өте көңілді әрі қызық.
  • Әртістік қабілетіңнен өзге тағы қандай өнерің бар?
  • Билегенді жақсы көремін. Қазір ағылшын тілінен курсқа қатысып, актерлік шеберліктен сабақ алып жүрмін.                                                                                                               Сұхбаттасқан Самал ӘДІГЕНҚЫЗЫ, [email protected]
  •     (Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

Пікір қосу