Қазақ жерінде тағы бір қуаныш. Боксшы қызымыз Арайлым Бегділдәнің арқасында қоржынымызға тағы бір алтын түсті. Үндістанның Гувахати қаласында қыздар арасында бокстан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, додаға түскен боксшылардың арасынан жүзден жүйрік атанып, финалға жеткен қазақстандық  Арайлым Бегділдә және ресейлік Анастасия Рыбак. Алғашқы минуттарда ресейлік боксшы басымдылық танытып келе жатқанымен, соңына қарай Арайлым күшін жинап елімізге жеңіс сыйлады.

 

 

Пікір қосу