Бүгін Алматыда «Алаш жолы» Республикалық қозғалысының белсенділері жиналыс өткізіп, аталған ұйымның қалалық филиалын құрды. Филиал жетекшісі болып қоғам қайраткері Ғабиден Жәкей сайланды. Бұл туралы juldyz.kz тілшісі хабарлайды.

«Алаш жолы» қозғалысын құру бастамасы 2016 жылы көтерілген болатын. Қазір тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Астана қаласында «Алаш жолының» бөлімшесі ашылған.Оған жетекші болып Еділ Мәкен сайланған.  Тағы да сегіз аймақта қозғалыстың орталықтарын жасақтау көзделініп отыр. Бірқатар сарапшылар бұл қоғамдық ұйым қашқындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың «ҚДТ»-на  (ДВК) балама ретінде биліктің қолымен жасалынып жатқан жоба деген болатын.

Ғабиден Жәкей, Тіркеліп жатқан «Алаш қозғалысы» РҚ-ның Алматы филиалының жетекшісі: Біздің негізі атқаратын шаруаларымыз жер мен тіл мәселесі. Жерді сатқызбау. Әрине, нарықтық экономикалық жаңдайда бос жатқан жер болмауы керек. Алайда біздің жас мемлекет үшін бұл мәселеде сақ болу қажет деп ойлаймын. Мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін де жұмыстар атқаратын боламыз. Және қазір өздеріңіздер білесіздер Қытайдан 51 зауыт келеді деген әңгіме бар. Бұл деген қытай экспансиясының бір түрі. Біз осыған қарсы қарекет қыламыз. «Алаш жолы» биліктің жобасы  ма деген сұрақтар аз қойылмайды. Оған болашақта атқарар жұмыстарымыз жауап береді.

Пікір қосу