Сясаттанушы Әзімбай Ғалидің «Абу-Даби плазадағы» төбелестің салдары туралы:

Индияда, Будапеште, Пәкстанда қаптаған жұмыссыз, аш-жалаңаш жұмыссыз көп, соларды Қазақстанда қаптату өте зауалды. Араб Әмірліктеріндегі жұмысшы-эмигранттар Шарджа әуежайының отырыс залының жерінде, цемент еденінде ұйықтап жатады, шала ағылшынша сөйлейді, ал бізде шала орысша сөйлейді.

Қыста киім сұрап, әлем-жәлем болып көшеде жүреді. Ауырғанын ауруханаға орналастыру керек болады, олар түрлі жаңа ауру таратады, бұрын кездеспеген криминалдық жағдай туады. Бейресми ұйымдар соларға тамақ, киім жинайды – бара келе олар соны талап ететін болады. Біраз уақыттан кейін олар отбасыларын, аға-інілерін әкеледі, кейін олардың әйелдері келеді. Оларды қусаң, әлем «қазақтың әділетсіздігі» туралы айқай салады. Олар көп істерді халықаралық соттарға беріп, үнемі ұтып отырады.

Қорыта айтсақ, пайдасынан зауалы көп болады. Одан да оралмандарды жинайық…

Қазақстан Zaman газетінен

Пікір қосу