Астанада өтетін Европа лигасының ойындарын зейнеткерлер тегін көреді. Тек өздерімен бірге зейнеткер куәлігі болуы керек. Бұл туралы juldyz.kz сайты «Астана» ФК сілтеме жасап хабарлайды.

Клуб басшылығы зейнеткрелермен қатар, студенттерге де жеңілдік жасаған. Яғни жас спорт сүйер қауым 50 пайыздық жеңілдікпен Валенсия сияқты испаниялық мықты ұжымдардың ойынын көре алады. Билет бағасы 1000 теңден 5000-ға дейін. Айтпақшы, бұл жеңілдікті оқушыларда пайдалана алады. Осылайша еліміздегі ең үздік команда «Астана» өз жанкүйерлері мен футбол сүйер көпшілік үшін осындай жеңілдіктер жасап отыр.

Пікір қосу