«I am singer» («Мен әншімін»)  мегажобасынан кейін әлемге танымал болған қазақ баласы – Димаш Құдайбергеннің бүгін туған күні. Оған арналған арнайы жазбалар мен видеоқұттықтаулар кешеден басталған. Juldyz.kz назарларыңызға ең таңдаулы құттықтауларды ұсынады.

@Regrann from @kaz.tengrinews.kz — Әйгілі әнші Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, — деп хабарлайды @kaz.tengrinews.kz тілшісі ?????? Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. Редакциямызға келіп түскен видеода Лара Фабиан тілегін айтып, ән салып береді. "Димаш, бұл саған арналады. Мен, көріп отырғаныңдай, күйеуіммен үйдемін. Ол маған көмектеседі. Бүгін сенің ең маңызды күнің екенін білеміз. Бұл сенің жарық әлемге келген күнің. Бұл күн сондай тамаша күн. Себебі дәл осы күні сен сияқты дарынды адам дүниеге келген күн", — деген ол қазақстандық әншіге арнап Happy Birthday to you әнін орындайды. #DimashKudaibergen #dq #Dimash #LaraFabian — #regrann

A post shared by DIMASH WORLD FANS CLUB ?? ? ? (@dimashworld) on

@Regrann from @kaz.tengrinews.kz — Белгілі актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, — деп хабарлайды @kaz.tengrinews.kz тілшісі. "Сәлем, Димаш! Бұл Ева, саған қуанышты туған күн тілеймін. Сен өте дарындысың. Сені танитыныма өте қуаныштымын!", — дейді құттықтауында #ЕваЛонгория. Айта кетейік, Димаш Құдайберген мен Ева Лонгория Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне қатысқанда танысқан еді. Шараны америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырды. Ол өзінің "The Eva Longoria Foundation" қайырымдылық қорын таныстырған еді. Еске салайық, 24 мамыр — Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші 23 жасқа толып отыр. Қытайдың жанкүйерлері қазақстандық әншінің туған күнін бір апта бұрын бастап кеткен. Таяуда әнші Шанхай қаласында өнер көрсетіп, тыңдармандарының ықыласына бөленген. #DimashKudaibergen #dq #Dimash #LaraFabian #evalongoria — #regrann

A post shared by DIMASH WORLD FANS CLUB ?? ? ? (@dimashworld) on

Диконтай ,туған күнің құтты болсын жаным!!! Аман жүр ,ботақан.Ғұмырың ұзақ болсын[email protected]

A post shared by Айған Сайлаубай(Арт-директор) (@aigan_zholdasova) on

Адамдардың бір-бірімен бірге болуының өзі біреулер үшін "көреалмаушылықпен" теңдеседі екен. Біздің достығымыздың арасына түспек болып, батылсынғандарға болмадық! Көп қиын да, қызықты шақтарды басымыздан бірге өткіздік! Ешкім білмейтін сырларымыз, ешкімге айтпаған қызықты оқиғаларымыз — екеуміздің достығымыздың айнасы! Жан досым, саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Менің өмірім — сенің өмірің! Сенің әр қуанышың — менің қуанышым! Сендегі әр қиындық — менің қиындығым!.. Керейдің қасындағы Жәнібектей, Исатайдың қасындағы Маxамбетідей ағалық-бауырлық қарым-қатынасымыз берік бола түссін! Сендей бауырым, досым барына бақыттымын! Папа — маманың, Қанат ағам мен Света апамның, Раушантай мен Мансурдың үлкен үміті, мақтанышысың! Қаншама сенің өнеріңе бас иген миллиардтарға — үлгісің! 24 мамыр ӘЛЕМ тариxында ҚҰДАЙБЕРГЕН ДІНМҰХАММЕД есімді батырдың дүниеге келген күнімен есте қалады! Бұл күн — музыка әлемі үшін ерекше күн, бұл күн — өнерді түсінетіндер үшін Ұлы күн!!! Туған күніңмен, Жан досым!!! @kudaibergenov.dimash Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін!!! #DQ #DimashKudaibergen #DimashBirthday

A post shared by Alpamys Sharimov (@asharimov) on

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ол Шанхайда өнер көрсетіп,  «Көркемім» әнін қала тұрғындарымен бірге шырқаған болатын.

Пікір қосу