«I am singer» («Мен әншімін») мегажобасынан кейін әлемге танымал болған қазақ баласы – Димаш Құдайбергеннің бүгін туған күні. Оған арналған арнайы жазбалар мен видеоқұттықтаулар кешеден басталған. Juldyz.kz назарларыңызға ең таңдаулы құттықтауларды ұсынады.
Адамдардың бір-бірімен бірге болуының өзі біреулер үшін "көреалмаушылықпен" теңдеседі екен. Біздің достығымыздың арасына түспек болып, батылсынғандарға болмадық! Көп қиын да, қызықты шақтарды басымыздан бірге өткіздік! Ешкім білмейтін сырларымыз, ешкімге айтпаған қызықты оқиғаларымыз — екеуміздің достығымыздың айнасы! Жан досым, саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Менің өмірім — сенің өмірің! Сенің әр қуанышың — менің қуанышым! Сендегі әр қиындық — менің қиындығым!.. Керейдің қасындағы Жәнібектей, Исатайдың қасындағы Маxамбетідей ағалық-бауырлық қарым-қатынасымыз берік бола түссін! Сендей бауырым, досым барына бақыттымын! Папа — маманың, Қанат ағам мен Света апамның, Раушантай мен Мансурдың үлкен үміті, мақтанышысың! Қаншама сенің өнеріңе бас иген миллиардтарға — үлгісің! 24 мамыр ӘЛЕМ тариxында ҚҰДАЙБЕРГЕН ДІНМҰХАММЕД есімді батырдың дүниеге келген күнімен есте қалады! Бұл күн — музыка әлемі үшін ерекше күн, бұл күн — өнерді түсінетіндер үшін Ұлы күн!!! Туған күніңмен, Жан досым!!! @kudaibergenov.dimash Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін!!! #DQ #DimashKudaibergen #DimashBirthday
A post shared by Alpamys Sharimov (@asharimov) on May 23, 2017 at 9:35am PDT
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ол Шанхайда өнер көрсетіп, «Көркемім» әнін қала тұрғындарымен бірге шырқаған болатын.