Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Ислам ойындары басталды. Ислам ынтымақтастық ойындары немесе Исламиада төрт жылда бір рет өтетін спорттық дода. Бұл туралы juldyz.kz cайты хабарлайды.

Бұл ойын ең алғаш 2005 жылы Сауд Арабиясында өткен. Биылғы ойынға 57 мемлекет қатысады. Әзербайжан мемлекетінің спорт министрлігінің ақпаратынша Бакуге 3000-3500 спортшы келеді деп күтілуде. Және 21 спорт түрінен медальдар ойнатылады. Қазақстаннан биылғы Ислам ойындарына спорттың 6 түрінен (бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо)35 спортшы қатысады. Исламиада  бокс бәсекесімен басталады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Бакуге 7-боксшысын алып келді. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз Нұрлан Сапарбай алғашқы кездесуін жергілікті даңқты боксшы Магомедрасул Меджидовпен өткізеді. М. Меджидов әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада ойындарының жүлдегері.

Пікір қосу