Кеше барлық қолданушының ұялы телефондарына «Казгидромет»-тің  су-тасқын қатерінің төніп тұрғандығы, дауылдың алдын ала ескертулері жазылған смс-хаттар келіп түсті. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті 28.04-01.05 аралығында нөсер жауын болатындығын жеткізген. Шындығында, нөсерлі жаңбыр 27-сәуір кешке басталған. Juldyz.kz назарларыңызға су басқан аудандардың ретін ұсынады.

Қарасай ауданы

Куәгер жіберген сурет

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, нөсер жауынның салдарынан Қарасай ауданының Қырғауылды өзенінде су деңгейі көтеріліп, жүздеген саяжай учаскесін су басқан. Өзеннің тасуынан Қырғауылды ауылы мен оған жақын «Ақсай-19», «Торпеда», «Труд», «Полет» саяжай серіктестіктерінде 151 саяжай учаскесін, жекеменшік балабақшаны және облыстық деңгейдегі Алматы — Жандосов жолының 23 километрін су басқан. Құтқарушылар екі адамды эвакуациялаған. Бүгін таңертең саяжай учаскелерін аралап шығу үшін үш топ құрылған.

Наурызбай ауданы

Бүгін  Әл-Фараби көшесінің жерасты өткелдерінде тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде, арықтарда, Наурызбай ауданының, «Достық» коттедж қалашығында да  су көлдей аққан.

Алатау және Алмалы аудандарындағы бірнеше аймақ

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша ресми өкілі Руслан Иманқұлов төмендегідей деректерді ұсынды:

«2017 жылы, 28 сәуірде, сағат  00:15-те қатты жауған нөсер жаңбырдың  салдарынан 60-қа жуық, оның ішінде 11-і тұрғын үй кешенін, 37 аула аумақтарын, 9 көшелерді су басқан оқиғалар тіркелген. Сондай-ақ, «Ботакөз» жекеменшік балабақшаның аумағын, Алмалы ауданындағы «Азия» базарының аумағы және Алатау ауданында орналасқан үйді (времянка) су басқан»

1 пікір

Пікір қосу