Алматыда «Қария» хикаясының түсірілімі басталды, — деп хабарлайды brod.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Көпсериялы драманың режиссері Асхат Мұсабай мен бас продюсері Нұржайна Жұмаділлаева. Телефильм «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша қазақ тілінде түсірілуде.

«Қария» хикаясы – әке мен бала арасындағы қарым-қатынас пен заманауи өмірдің қатал шындығын ашып көрсететін әлеуметтік-қылмыстық драма. Көпсериялы фильмнің негізгі сюжеті қарттар үйінің аясында өрбиді.

Фильмнің басты кейіпкері — қарттың рөлінде көпшілікке Әділхан Ержановтың «Хозяева» картинасы арқылы танымал театр және кино актері Бауыржан Қаптагай. Сонымен қатар, хикаяда Ақмарал Дайрабаева, Мадина Оспан, Алмас Сақатов, Айқын Төлепбергенов ойнайды.

Пікір қосу