Қазақстандық әнші  Димаш Құдайбергеннің орындауындағы голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды, — деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Киноның Қытайдағы дистрибьюторлық компаниясы Weibo әлеуметтік парақшасында саундтрек видеосының 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеген.

«Power Rangers» —  Американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген кино. Киноның алғашқы көрсетілімі 24 наурыз күні Америкада және Тайваньда өткен.

Айта кетейік, Қытайда прокатқа 12 мамыр күні шығады деп күтілуде.

Пікір қосу