Әнші Қайрат Түнтеков «Америка дауысы» телебайқауына қатысуы мүмкін. Осы жөнінде әншінің өзі 4 жылдық үзілістен кейін «Время» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы massaget.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Басылымға берген сұхбатында әнші үлкен сахнаға қайта оралғанын нық сеніммен айтты.

«Бәріне айтарым, бұдан былай мен үшін уайымдамаңыздар. Өзім де уайымдамайтын боламын. Осы да жетер!», – деді Қайрат Түнтеков.

Әнші келесі жылы Америкаға аттанып, алып елді бағындырғысы келетінін де жасырмады. Тіпті, ол  «Америка дауысына» қатысып, Sony Music компаниясымен бірлесе жұмыс істегісі келетінін де айтып өтті.

Айта кетейік, Қайрат Түнтеков бүгін ел назарына екі жыл бойы дайындаған «Ұшқан бағым» атты бейнебаянын ұсынды. Әншінің айтуынша, бейнебаян сюжеті бағын қолдан ұшырып алған өз тағдырына өте ұқсас.

Пікір қосу