Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш. Айманов атындағы Қазақфильм «Сатайфильм» компаниясымен бірігіп сақтардың патшайымы Томирис жайында тарихи фильмнің жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып  juldyz.kz порталы хабарлайды.

Жоба авторлары – Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Түсірілім осы жылдың қазанында басталып, 2018 жылдың желтоқсанында премьерасы өтеді деп жоспарлануда.

«Томирис жайында фильм түсіру идеясыт Әлия Назарбаеваныкі. «Анаға апарар жол» жобасы бойынша жұмыс істегеннен кейін, оның ұсынған келесі жобасы бойынша жұмысқа үлкен жауапкершілікпен кіріспекпін. Біз сценарий жазу, жобаның нақты жоспары, түсірілім тобын қалыптастыру, тарихи деректерді іздену сынды дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік»,-дейді аталмыш картинаның режиссері Ақан Сатаев.

Томирис жайында фильм халыққа үлкен қызығушылық тудыратынына Ақан Сатаев сенімді. Түсірілім 2017 жылдың қазан айында басталады. Ал, фильм 2018 жылдың желтоқсанында көрермен назарына ұсынылады.

1 пікір

  1. Өте құптарлық және көптен күткен тақырып, бірақ біздің кино өндірісінде бір адам түсінбейтін қылықтары бар. Осындай үлкен де жаңа тақырыпты жарты жыл дайындап тез арада шығара салу! Бұл не сонда деректі фильм бе, жоқ әлде телевизиялық форматтағы жеңіл жанырлық фильм бе?! Неге осы Қазақ кино туындылары, әсіресе тарихи кинолардың өндірістік уақыты бір жылға жетер жетпес? Есі дұрыс кино компаниялар мен студиялар осындай үлкен форматтағы тақырыптарды құрыды деген де екі — үш жыл дайындайды. Тарихи материал сарап талынады, визуалдық форма ізделінеді, зат пен костюм үлгілерінің мыңдаған түрлері салынылуы керек. Жаңадан көтеріліп жатқан тың тақырыпқа асығыстықтық және жеңіл желпі келтіре түсіре салу «МӘДЕНИ ҚЫЛМЫС» болып табылады! Жақындағы мысал, «Қазақ хандығы» не болды — жын ұрғандай жарты жыл, апыл ғұпыл дайындалып жарты жылдың ішінде түсірді. Төл тақырыбымыз шала шықты, «жарым жанды» шығарма ретінде көрерменге жол тарта берді. Тарихи киноларымызда қашан «ӘТТЕГЕН АЙ» дан арыламыз?! Жеке біреудің «АВТОРИТЕТТІК» ықпалынан өнеріміз қашан құтылады? Мен, кино өнерінде жүргеніме Отыз жылдан асты, бірақ бұндай ат үсті тарихи тақырыпқа келе салу жағамды ұстатады!

Пікір қосу