Туған жылы, жері, білімі

Головкин Геннадий Геннадьевич 1982 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысына қарасты Майқұдық ауылында дүниеге келген. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы,  ҚР спорт шебері, Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін аяқтаған.

Отбасы

photo_23636Төрт ұлды өсірген Генаның ата-анасы қарапайым шаруа адамдары. Анасы – Елизавета Головкина кәріс ұлтының қызы, химиялық зертханада ассистент қызметін атқарған. Ал әкесі – Геннадий ғұмыр бойы шахтер болып еңбек етіп, 2014 жылы қайтыс болды.

photo_58771Гена мен егізі Максимді ағалары 8 жасынан бастап бокс спортына қатыстырған. Міне, соның нәтижесінде бүгінде Гена әлемге әйгілі спортшы болса, оның сыңары Максим – бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері. Олар 9 жасқа келгенде алдымен әскери қызметтегі үлкен ағасы Вадим, араға 4 жыл салып екінші бауыры Сергей белгісіз себептермен қаза табады (Вадим — 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы).

Г.Головкин 2000 жылы болашақ жары Алина есімді қазақ қызымен танысып, 07.07.2007 жылы шаңырақ көтереді. Қарағанды қаласында дүркіретіп той өткізген  Генаның бүгінде Вадим есімді ұлы бар.

gennadij-golovkin1 Болашақ чемпионның балалық шағы

Г.Головкин – Майқұдықтағы №63 мектептің түлегі. Сабақты орташа үлгеріммен оқыған. Оны сынып жетекшісі Анна Борисқызы еркелетіп «боксер» деп атаған. Гена бала күнінен тепсе темір үзетін, бұлшық етті, дене бітімі зор әрі шымыр жігіт болып өскен. Геннадий 12 жасында-ақ бірнеше спорттық сайыстарға қатысып, өзінің мықтылығын дәлелдей бастаған. Алғаш рет қатысқан ресми сайыста өзінен 2-3 жас үлкен қарсыласымен рингке шығып, жеңіске жеткен. Ал оның әлемдік рингтегі алғашқы жекпе-жегі 18 жасында басталған. Сонымен қатар Гена «Шахтер» футбол командасының алдыңғы саптағы футболшысы болған және бала кезінде гитарада да шебер ойнаған. Г.Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев, одан кейін Ғалым Кенжебаев. Бүгінде Гена 2003 жылдан бері  «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен.

923872461Әуесқой мансабы

Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі қанық, оқиғаға толы болды. Головкин өзінің алғашқы ресми сайысын 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластарымен жұдырықтасып,  жеңіске жетті.

  • 2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.
  • 2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилды жеңді (15 – 3).
  • 2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 ұрыста жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан — Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Жылы: Ит (1982 жыл)

Жұлдызы: Тоқты (8 сәуір)

Бапкері: Абель Санчес

Лақап аты: GGG (Triple G)

  • 2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.
  • 2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.
  • 2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.

gennady-golovkin-vs-david-lemieux-75137017

Кәсіпқой мансабы

Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы орта салмақ дәрежесінде жасады. Алғашқы 8 ұрыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1). 2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді. 2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2 раундта шайқастан бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3). 2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 – раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-ші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың  K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. 2010 жылдың тамыз айында WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін айқаста колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді.

2015 жылы 18 қазанда қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасында біріктіруші айқас өтті. Бәске Головкинның WBA, WBC Interim, IBO және Лемьеның IBF белбеулері қойылған еді. Бұл айқас екі боксшының да ақылы көрсетілімдердегі тұңғыш айқасы болды. Қазақстандық гонорар ретінде $ 2 000 000 алса, канадалық $ 1 500 000 алды.Гена Давид Лемьемны 2 раундтың басталған кезінде оны накаудқа жібереді.Осылайша біздің Гена жеңіске жетеді.

Кәсіпқой бокс

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена — суперчемпион атанды. Геннадий Геннадийұлы бүгінде қажырлы еңбегінің арқасында 16 рет WBA, 13 рет IBO, 4 рет IBF тұжырымдарын қорғап, кәсіби рингтегі 35-жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Осы күнге дейін өткізген 35 жекпе-жектің 32-де мерзімінен бұрын қарсыласын сұлатып, мықтылығын дәлелдеген.

Жетістіктері

  • 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
  • 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
  • ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
  • Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
  • Азия ойындарының чемпионы — (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
  • Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
  • «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
  • WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
  • IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  • 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
  • 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
  • WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады).
  • IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  • Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006).
  • ҚР спорт шебері (2000).
  • Халықаралық кластағы спорт шебері (2002).
  • Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003).
  • «Құрмет» орденімен марапатталған.

Пікір қосу