6 сәуір күні отандық прокатқа «Знакомьтесь, Ибалы» («Танысып қойыңыз, Ибалы») атты комедиялық фильм жарыққа шығады.

Аталмыш кино Дарханбек Кальменовтың екінші режиссерлік әрі сценарийлік жұмысы. Алғашқысы 2015 жылы шыққан «Потому что, Шымкентский» комедиясы болатын.

«Знакомьтесь, Ибалы» («Танысып қойыңыз, Ибалы») фильмі — Ибалы есімді қыз туралы баяндайтын, трэш элементтері бар комедия. Кейіпкер ессіз күйеу жігітінен қашып, білім алу мақсатымен ауылдан астанаға келеді. Үлкен шаһарда бойжеткен Әлемгер есімді жігітпен танысып, кейіннен екеуінің арасында сезім пайда болады. Алайда, жергілікті бір бай Ибалыға қол жеткізуге тырысып бағады. Ал ауылдағы ессіз күйеу жігіті өзінің болашақ жарына қалаға қарай асығады.

Фильмде басты рөлді Арна Мақұлбек сомдаған. Түсірілім алаңында оған қоса танымал актер Саят Исембаев, жас актер Нұрқанат Молдахан және Спандияр Мамреев пен Закир Асадов болды.

Комедияның түсірілімі өткен жылдың қаңтар айынан бастап Астана мен Шымкентте, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында түсірілген. Картина өндірісімен «IB production» киностудиясы айналысқан.

Пікір қосу