Әнші Нұрболат Абдуллин «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Әнші өзінің «Көзайым» телехикаясына қалай түскені жөнінде айтып берді.

«Алғашқыда кастинке суреттер жібердім. Кейін видеокастинг болды. Барлығының көңілінен шыққан болуым керек, осылайша басты рөлдердің біріне қабылдандым. Кейіпкерім Сұлтан 50% жақсы, 50% жаман. Образ бірінші қарағанда өзіме ұнады. Шынын айту керек, «Көзайым» арқылы әнші екенімді біліп жатқандар да бар», — деді ол.

«Сомдаған рөліңізге өзіңіз ұқсайсыз ба?» деген сауалға актер:

«Парақшамда 200-дей пікір жазылады. Соның көпшілігі «сіз неге қаталсыз?», «өмірде Сұлтан сияқты емес шығарсыз» деп жазып жатады. Өзіме кейіпкердің жақсы жағы ғана келеді. Бірақ, Сұлтан сияқты мансапқұмар, эгоист емеспін», — деп жауап берді.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин  «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Көзайым» телехикаясында Сұлтан есімді рөлді сомдайды.

Пікір қосу