Белгілі режиссер Талғат Теменов «Тоқал» фильмін сынап тастады. Бұл туралы «Сырласу» бағдарламасында айтты, — деп stan.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Режиссердің пайымдауынша, әр маман өз ісімен айналысуы тиіс.

«Жақында «Тоқал» деген фильмді көрдім. Гаухарды танимын. Өзі продюсер, өзі режиссер, өзі киноға түскен. Сол кинодан қарным ашып шықты. Әр нәрсенің басын бір шалған. Ең жаманы қазақтың, ұлттың намысына тиетін дүниелер бар. Бұл режиссердің көргенсіздігі. Режиссерде Құдай берген талант болу керек. Сондықтан өзі продюсер, өзі режиссер, өзі актер болғандардың мұндай ісін құптамаймын», -дейді Теменов.

Сұхбат барысында Теменов отандық арналардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын да сынады.

«Ит жоқ жерде шошқа үреді. Теледидарлардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын көрмеймін. Көрсем қан қысымым көтеріледі. Әжуалайтындары ауылдағы аналарымыз, әкелеріміз бен келіндеріміз. Түгел келеңсіз етіп көрсетеді. Экран – идеология. Экранда сынау бар да, мінеу бар, күлу бар да, келемеж ету бар. Бүгінгілер міне осыны ажырата алмайды. Сондықтан да қазір теледидарда бір-біріне тауықтың жұмыртқасындай ұқсас, ойы да, өресі де ұқсас, тіпті топастау бағдарламалар көп», – деп налыды кинорежиссер.

2 пікір

  1. Жөні тузу тоқалдарда бар,жағымсыз бәйбішелерде де бар,бұл жерде маңыздысы статус емес, адамның бәріне топырақ шашуға болмайды,көңілі бай адам болса болды,

  2. Токал фильмы шынымен өте ыңғайсыз түсірілген, қазақта кіші жар дейді,дүниесіне қызығып пайда үшін тиетін әйелдер қыздарда көп арине,оны еркекте біліп алып жатады,бір бірін пайдаланады,артынан ажырасып жаман атқа қалып жатады,ал негізі екеуініңде жөні түзу болса ақылға келіп,ақылмен шешеді бәрін сабырлықпен

Пікір қосу