Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта «IBO International» чемпиондық атағын жеңіп алды, — деп tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Жерлесіміз Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық боксшы Косме Ревераны жетінші раундта нокаутпен ұтты. Осылайша, 26 жастағы отандасымыз спорттық мансабындағы алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді.

Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісін тойлады. Оның 8-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келеді.

Пікір қосу