Мэлс Қосымбаев 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жылысу ауылында дүниеге келген. Ол айтыскер ақын, филология ғылымының кандидаты.

Балалық шағы

Мэлс Қосымбаев мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысқан. Ол 1990 жылы 3-республика ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысының және 2001 жылы республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері. Айтыскер ақын Орал педагогика институтын 1992 жылы бітірген.

Жетістіктері

Мэлс Қосымбаев Қазақстан Республиканың мәдениет қайраткері (2007),  Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1988 – 2006), республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988–2007). Қазір 2006 жылдан Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс – Қазақстан чемпионатының» (2007) бас жүлдегері.

Қосымбаев – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айтулы суырып салма айтыс ақындарының бірі.

Пікір қосу