Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен өткен матчтан соң команданың баспасөз қызметкерін ұмытып кеткен, — деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстан құрамасының Армениядағы сәтсіздіктері одан әрі жалғасын тапты. Бірінші оқиға қазақстандық футболшылар мінген ұшақта орын алды. Ол түнде еревандық «Звартноц» әуежайына оралып, шұғыл түрде қонған. Команда өкілдері қайтадан ұшу үшін бір сағаттан астам уақыт әуежайда отырған.

Олар қонақ үйге орналастырылды.  Екінші оқиға қонақ үйде, түн кезінде болған. Ол кезде команданың басым бөлігі ғимараттың кіре берісінде, ал Қайыров фойеде болған. Қайыров болған оқиғаны айтып беріп жатқанда, қонақ үй менеджері таңдана қарап:

«Сіз әлі осындасыз ба?! Автобус жаңа ғана жүріп кетті», — дейді.

Журналистер мен баспасөз хатшысы қонақ үйден шыққан кезде автобус кетіп қалған. Қайыровқа әуе айлағына өз бетімен баруға тура келді.

Пікір қосу