Кеше елордада «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық байқауы аталымдарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш шарада 12 аталым бойынша сынға түскен үздік теле жобалар анықталды, — деп хабарлайды juldyz.kz.  

Салтанатты кеште еліміздің танымал тұлғалары рәсімі басталмай тұрып арнайы жайылған қызыл кілеммен жүріп өтті.

Картинки по запросу Тұмар телевизия

Әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы анықталған үздік телевизиялық жобалар:

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)

«Үздік әлеуметтік жоба» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық бағдарлама» — «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;

«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» — «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;

«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» — «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;

«Үздік музыкалық бағдарлама» — «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;

«Тұмар» телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» — «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;

«Үздік деректі кино» — «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;

«Үздік ток-шоу» — «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;

«Тұмар» телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үздік телевизиялық телехикая» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;

«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» — «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;

«Тұмар» телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» — қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;

 

 

 

 

Пікір қосу