Кеше елордада «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық байқауы аталымдарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш шарада 12 аталым бойынша сынға түскен үздік теле жобалар анықталды, — деп хабарлайды juldyz.kz.
Салтанатты кеште еліміздің танымал тұлғалары рәсімі басталмай тұрып арнайы жайылған қызыл кілеммен жүріп өтті.
Әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы анықталған үздік телевизиялық жобалар:
«Үздік әлеуметтік жоба» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық бағдарлама» — «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;
«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» — «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;
«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» — «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;
«Үздік музыкалық бағдарлама» — «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;
«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» — «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;
«Үздік деректі кино» — «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;
«Үздік ток-шоу» — «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;
«Үздік телевизиялық телехикая» — «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» — «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;
«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» — қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;