Түсініксіз тілде ән айтып, танымал жұлдызға айналған МС Сайлаубек тағы ішіп кетіпті деген жел сөздің тарағанына да аз уақыт болмады. Бұл ақпаратты жоққа шығарған рэпер өзінің жүрегін жаулаған аруды кездестіргенін айтты, — деп хабарлайды 31 арна.

МС Сайлаубек көпшілік ойлағандай ішімдікке салынып кетпепті. Тойларға шақырту алып, репертуарын жаңартып жүрген рэпер, қырықтан асқанда жүрегін жаулаған аруды да кезіктіріпті.

Қырықтан асқан МС Сайлаубектің жүрегін жаулаған ару кім? (фото)28 жастағы арудың есімі — Жазира. Оңтүстіктің тумасы. 41 жастағы рэппер болса, биылдан қалмай үйленуге дайын екен.

Қос ғашық алғаш рет дәл осы орындықта, дәл осы жерде танысқан екен. Алайда тойдың көркіне айналып жүрген Сайлаубек сүйіктісін көрсетуден бас тартты.

 

Пікір қосу