Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» өмірбаяндық кітабы шілде айынан бастап сатылымға шығады. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Продюсер, актриса әрі тележүргізуші кітап арқылы өміріндегі қиындықтар туралы, тағдырының тармағындағы адамдар жайында баяндап береді. Баян Мақсатқызы кітап жазу идеясын осы жылдың қаңтар айында айтқан болатын. Оны жазуға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен арадағы болған оқиға салдарынан туындаған түрлі өсек-аяңдар түрткі болған.

«Менің басымнан өткен оқиға қоғамымыздағы әйелдер рөлінің қандай екенін айқындап бергендей. Әйелдің нәзіктігі, қорғансыздығы және құқықсыздығы сөз болады. Өйткені, заңның өзі әлеуметтік зорлықтан зардап шеккен адамның жағына қарай шықса да, қоғам жәбірленушіні төпелей жөнеледі. Астын сызып айтатын нәрсе — «Олай жасамау керек еді…» деп, өршіту, қарсы келу, астың тұзын тым көп салу, өзіндік пікірге ие болу мен аузын ашу құқығынан ада болу сынды қасиеттерді болдырмау керек деген секілді сөздер құртады. Құдды бір әйелдерге қатысты зорлық актісін ақтап алуға болатындай…»

Айта кетейік, кітап қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан. Ал кітап суреттерінің авторы — Динара Өтелбаева.

Пікір қосу