Аргентина құрамасының даңқты футболшысы Диего Марадона РФ президенті В. Путинмен сөйлесіп тұратынын айтты. 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына өз үлесіңізді қоссаңыз деп өтініш жасапты Владимир Владимирұлы Марадонаға. Бұл туралы juldyz.kz Ole.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен Путинмен сөлестім. Ол маған қоңырау шалды. 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігіне менің ат салысқанымды сұрады. Мен Путинның фанатымын. Оған көмек қолын беру, мен үшін қуаныш»,- Д. Марадона.

2018 жылғы әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Әлем біріншілігі Ресейдің 11 қаласы қабылдайды. Д. Марадона болса БАӘ-де бапкерлік қызмет атқарып жүр.

Пікір қосу