Актер Санжар Мәди «ЭКСПО-2017» аясында Астанадағы ақындар кешіне қатысады. Шара 23-24 маусым аралығында Creative Energy Area павильонында өтетін болады. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Санжар Мәди музыкант Зара Есенаманмен бірігіп, «slam poetry» ақындар жекпе-жегіне шығып, өз туындыларын оқитын болады. Одан кейін, екеуі көрермендерге ақындар Біржан мен Сараның 1871 жылғы айтысынан үзінді келтіреді. Перфоманстан бөлек, актер мәдениеттегі жаңа ағым кибер-поэзия мен кибер-ақындар туралы интерактивті дәріс оқиды.

Еске сала кетсек, Санжар Мәди «Үйге барар жол», «Аманат», «30-да күйеуге шығу» картиналарындағы рөлдері арқылы танымал.

Айта кетейік, актермен қатар, өз шығармашылығын Mezzo музыкалық тобы, жас ақын Ғалымжан Жалайыр және Астана суретшілері таныстырады.

Пікір қосу