Әмірхан Балқыбек 1969 жылы 19 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетсай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Ол ақын, әдебиет сыншысы, Президент стипендиясының төрт мәрте иегері.

Балалық шағы

Атасы Балқыбек диқан, өте діндар адам болған. Әмірхан 2-сыныпты бітірген жылы атасы дүниеден өтеді. Есі кіресілі-шығасылы халде төсек тартып жатқан Әмірханды танып, маңдайынан иіскейді. Сонда үлкендер: «немересін таныды, күш-қуаты енді Әмірханға ауысты» деп жатқаны есінде қалады. Әмірханның тілі кеш шыққан. Жұрттың бәрі оны «қазанбас» деп атаған. Әкесі Жұмабек те диқаншылықпен айналысады. Әмірқан әкесін «тәте» деп атаған. Кезінде ән айтқан, асаба болған. Ал анасы Тұрсын үй шаруасындағы адал, өте еңбекқор, қарапайым жан болған. 7 құрсақ көтеріп, тұңғышы шетінеп кеткен. Отбасында 1 қыз, 5 ұл болған.

Әмірхан алғашқы өлеңін 3-сыныпта 8-наурыз мерекесіне орай құттықтау ретінде жазады. Ол бала күнінде Жюль Верннің «Он бес жасар капитанын» оқып, саяхатшы болуды армандаған. Кейін Джек Лондонның өмірі туралы кітап оқида да, әдебиетші, жазушы болуға талпынады. Мектеп бітірген соң ҚазҰУ-дың журналистикасына түсе алмай, әкерден келген соң түседі.

Біздің анықтама

Жылы: Тауық (1959 жыл)

Жұлдызы: Торпақ (19 мамыр)

Тағамы: машкөже

Сусыны: табиғи су

Әншісі: Нұрғали Нүсіпжанов

Әртісі: Нұрмұхан Жантөрин

Киносы: «Бейбарыс сұлтан»

Ақыны: Абай Құнанбайұлы, Олжас Сүлейменов

Жазушысы: Асқар Сүлейменов

Еңбек жолы

Әскерден оралған соң Әмірхан Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші қызметін атқарған. 1995-2000 жылдары «Парасат» журналында, «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттерінде тілші болады. Ол 2000-2004 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Қасқыр құдай болған кез»

«Ата-бабамыз бір Құдайға сыйынуға бірден келе қойған жоқ, түрлі ізденіс кезеңдерінен өтті. Бағзыда жан-жануарларға сыйынды, соларды тотем қылып төбесіне көтерді. Бұл — олардың түбінде не жатқанына ой жүгіртіп, тарихымызды түгендесек деген ойдан туған кітап. Тақырыбын жұртты елең еткізу үшін түркі қасқыр мифіне байланыстыра солай атадым. Мұнда ислам дініне қарсы ештеңе жоқ». (Автор)

Отбасы

Әмірханның жары Мархабаттың мамандығы  — биолог, эколог. «Парасат» журналында жұмыс істейді. Қызының есім — Қасиет.

Марапаттары

Ақынның өлең топтамалары «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. Ол «Метаморфоза» (1996), «Сынған сәуленің шағылысуы» (2001) жыр жинақтарының авторы.

Әмірхан Балқыбек 1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері.

Пікір қосу