Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап бұл міндетті Әділбек Ниязымбетов атқармақ. Осыған дейін құраманың капитаны Данияр Елеусінов болды. Алайда, ол жақында ол мансабын кәсіпқой бокста жалғастыратынын мәлім етті.

«Мырзағали Айтжановтың басқаруындағы Қазақстан құрамасының бапкерлік құрамы өзара ақылдаса келе капитандық міндетті Әділбек Ниязымбетовке беруді жөн көрді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов — Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері.

Пікір қосу