2016 жылы өнері мен ұлағатты ісі арқылы еліміздің жадында мәңгі қалатын бірқатар қайраткерлер мен өнер иелерінен айырылдық. Осыған орай juldyz.kz мешін жылы аққан жұлдыздарды назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

Хабиба Елебекова

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 101 жасына қараған шағында  дүниеден озды. Хабиба Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген.  Өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы театрда үзіліссіз қызмет атқарған.

Зардыхан Қинаятұлы

 Белгілі тарихшы ғалым, қоғам қайраткері  Зардыхан Қинаятұлы қарашаның 23-і күні өмірден өтті. Зардыхан Қинаятұлы 1940 жылы Моңғолияның Қобда аймағы Қобда сұмынында өмірге келген. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған ғалым саналы ғұмырын ғылымға арнаған саясаткер,  тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері.

 Болат Сыздықов 

Белгілі композитор, гитарашы, «Мюзикола» тобының  музыкалық продюсері «А’Студио» тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов қайтыс болды. Алматы жұртшылығы танымал музыкантты ағымдағы жылдың 10 мамырда ақтық сапараға шығарып салған болатын. Жүрек ишемиясы дертінен қаза болған Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген (7 мамыр, 2016, Алматы).

Сергей Дьяченко

 Көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко да ұзаққа созылған ауыр сырқатынан кейін өмірден озды. Сергей Александрович Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде 1952 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келді. «Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Достық» ордендерімен, ТМД-ның «Достастық» орденімен, сегіз медальмен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов

Қазақстандық ғалым, танымал археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов те биыл өмірден озды. Бекмұханбет Нұрмұханбетов Алматы облысы Ақсу ауданы Еңбек аулында 1935 жылы, 17 мамырда дүниеге келген.  археолог, “Алтын адам” жәдігерін табушы. 1969 жылы Есік қорғаны маңайындағы қазба жұмыстары кезінде жас археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов және оның ғылыми жетекшісі Кемал Ақышев «Алтын адамды» тапқан болатын.

Фидель Кастро

 Сонымен қатар, биыл Израильдің саяси қайраткері, экс-президент Шимон Перес, Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро

Ислам Каримов 

Грекияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос, Тәжікстанның бірінші президенті Каххор Махкамов , Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов 

Мұхаммед Әли

Адамзат тарихына есімі алтын әріппен жазылғаны даңқты боксшы  Мұхаммед Әли 74 жасында өмірден озды.

 

Пікір қосу