Белгілі актриса Жәния Джуринскаяға өнер жолында жүргенде тоқал болуға ұсыныстар түскен екен. Бұл туралы Tengrinews.kz берген сұхбатында айтып кетті.

Баян Мақсатқызының продюссерлігінде ән шырқаған кезде көптеген мас ер кісілер тоқал немесе көңілдесі болуға ұсыныстар тастаған екен.

«Басында өте қатты ызаландым, жыладым. Түсінбей ,өз-өзіме келе алмай жүрдім. Кейін директорымыз бәрін, түсіндіріп, мән бермеуімізді сұрап,  сабырлыққа шақырды. Ең бастысы тәрбиелі қыздар екендеріңді ұмытпаңдар деді »-, дейді актриса.

Сонымен қатар, Жәния өзінің Байқоңырда өткен балалық шағы, студенттік өмірі және кино әлеміне қалай келгендігі жайлы бөлісіп кетті.

«Мен өз көрермендерімді, аудиториямды өте қатты жақсы көремін. Менің еңбегімді көретін, бағалайтын сол кісілер. Сол себепті, барынша жақсы жағымнан көрінуге тырысамын.»-, деді Жәния Джуринская.

 

Пікір қосу