Ақтөбе қаласында «Икарус» маркалы автобус өртеніп кетті. 5 жолаушы аман шығып үлгерді. Ал, қалған автобус ішіндегі 52 адам қаза тапты. Жолушылардың бәрі Өзбекстан азаматтары болып шықты.

Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. ұазіргі таңда, оқиға орны толық тексерілді.  Экспертиза нәтижесі бойынша өрттің шығу — автобус ішінде болған дәнекеру шам мен 5 литрлік пласмасс ыдыстағы бензин.

Экспертиза нәтижесін аман қалған жолаушыларда растады. Автобустың қозғалтқышы істен шыққан соң, дәнекерлеу шамын жылытқыш ретін екі сағаттай уақыт қолданған екен. Шамнан шыққан газ иісі автобус ішіне толық тараған және бензин төгілген кезде, кенеттен от тұтанып кеткен. Нәтижесінде, 5 минут ішінде бүкіл автобус өртеніп кеткен.

«Аман қалған жолаушылардың денсаулығы тексерілді. Қазіргі таңда, ол кісілер өздерін жақсы сезінеді. Психологтар жұмыс істеуде және моральдық көмек көрсетуде.» ,-дейді ҚР Денсаулық Сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Пікір қосу