«Қазақстан» ұлттық арнасы мен «МузАрт» тобы бірлескен «МузАРТ live» жобасы өз мәресіне жетті. Бұл туралы juldyz.kz порталы BAQ.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Ендеше, «МузАрт live» жобасының серілері кім болмақ? Толығырақ фоторепортажда…

 

Сонымен “Музарт” тобының ізбасарлары ретінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбаев, Әзиз Балтабекұлы, Сұлтан Ахмет. Аты аталған жігіттер  топ болып өнер көрсетеді.

Серікболсын Кішкенбаев

Айта кетейік, «МузАрт live» жобасына қатысқан 12 000 үміткердің 12-сі ғана жартылай финалға  өткен болатын. Енді «МузАрт» тобы квартет болып қайта құрылуы мүмкін.

Нұрхат Сегізбаев

Ешкімге дес бермеген төрт жеңімпаздың біреуін дауыс беру арқылы халық анықтаса, қалған үшеуін «Музарт» тобының мүшелері таңдады.

Әзиз Балтабекұлы

Кенжебек — Нұрхат Сегізбаевты, Мейрамбек — Әзиз Балтебекұлын, Сәкен — Сұлтан Ахметті таңдаса, халықтың таңдауымен қостанайлық Серікболсын Кішкенбаев топ мүшесі атанды.

Сұлтан Ахмет

Бұл туралы Сәкен Майғазиев: «АЛЛАҒА сансыз шүкір, жылдар жоспарлаған, тоғыз ай тер төгуді талап еткен бұл жобамыз да өз мәресіне жетті. Бір минуттан кейін не күтіп тұрғанын білмейтін әлсіз құлдарының құрған жоспарларына жеткізген кешірімі мен мейірімі шексіз АЛЛА тағалаға мақтаулар болсын. Байқауда бақ сынаған бауырларымыздың барлығын биік бағалаймыз. Біз таңдаған төрттіктен қалауларыңызды көре алмай қалсаңыздар сөкпеңіздер. Ол жігіттер де бізден жырақта жүрмейді деп ойлаймыз», — деп  инстаграмдағы парақшасында жазды .

 

Пікір қосу