Бұл туралы әнші «Компромат» бағдарламасында айтып берді.

«1993 жылы бір кісіге тап болдым. Ауырыңқырап жүрген кезім еді. Ана кісі өзінің арабша кітабын ашып отырды да, «сенің қолыңда жазу бар екен ғой» деді. Армиядан қалған жазу болатын, соны көрсеттім. «Сенің атың екеу екен» деді тағы да. «Иә» дедім. Шынымен, менің құжаттағы атым — Умиксат. Тіпті маған қатысы жоқ, мағына да бермейді».

Сол кісіден Ұлықпан Жолдасов осы есімнен құтылудың жолын сұраған екен.

«Екі есімім бар. Не істеуге болады?»деген сұрағыма, «Ол жақсы ғой. Кейбір жерде сені қорғап жүреді» деп жауап берді. Шынымен, солай. Кейде машинамен камераға түсіп қалсам, көбі мені танымайды. Қазір бекер айтып отырмын. Ертең көріп қалса,ұят болады. Бәрі танып қояды-ау…».

Әнші: «Біздің үйде дұрыс құжат жоқ» деп тағы бір сырымен бөлісті.

«Қызымның аты да екеу. Фарида кішкентай кезінде көп ауырды. Мәскеу қаласына апарып емдетіп жүрдік. Сол кезде оған тіл мәселесі қиын болды. Өйткені, бала ғой. Орысша бір ауыз сөз білмейді. Бізге «орысша мектепке беріп, үйретіңдер» деді. Былай да үйретуге болатын еді. Бірақ, әлі ұзақ емделесіңдер дегесін орыс мектебне бердік. Сол кезде көп ауырды. Анамның құмалақ ашатыны бар еді. «Сендер Перизат деп ат қойыпсыңдар. Ол — перінің аты, ауыр есім. Сондықтан атын Феруза деп өзгертіңдер» деді».

Сөйтіп, отбасымен Алматыға келгесін қызының есімін Фарида деп өзгерткен екен.

«Біз Маңғыстаудан Алматыға келгесін, «мамам не деп айтып еді, Фарида ма, Феруза ма» деп ойланып, Фарида дегенге қызымыздың құлағын үйреттік. Бірақ, негізгі аты Перизат. Қысқасын айтқанда, біздің үйде дұрыс құжат жоқ».

Пікір қосу