Актер Дулыға Ақмолда «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болды. Жақында ғана премьерасы өткен «Ақтастағы Ахико» қойылымы туралы айтып берді. 

«Театр — қазақ өнеріндегі халық үшін керек өнер. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жақында үлкен премьерамыз болды. Бұл премьераның дүниеге келуіне атсалысқан, идеяның авторы Нұрлан Дулатбеков. Осы кісінің идеясымен «Ақтастағы АХИКО » деген спектакль дүниеге келді. Осы қойылымда басты рөлде ойнаймын. Атауының өзі айтып тұрған болар. Ақтас — Қарағандыдағы ауыл. Сол жерде 86-ға келген жапонның азаматы КАРЛАГ-қа 15 жасында түсіп, 10 жыл сонда болады. Үлкен қиыншылықтар көріп, қазақ азаматтарының қолдауымен біздің елде қалған азамат. Кейіннен өзінің елінен шақырту келіп, Жапонияға барады. Бір қызығы, жапон жерінде көп тұра алмайды. Сөйтіп, еліндегі азаматтардан кешірім сұрап, Қазақстанға қайтып келді. Қазір шынымен де 86 жаста. Ақтаста тұрып жатыр»,- деді ол.

Сондай-ақ, актер қойылымда Сәкен Сейфуллиннің әкесі туралы жайттар барын, жалпы мазмұны адам өмірі туралы екенін айтты.

Пікір қосу