Серік Керімбекұлы Қонақбаев – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981).
Туған жылы: 25 қазан 1959 жыл
Туған жері: Павлодар қаласы
Білімі:
- 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты;
- 1984 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы.
Отбасы: Үйленген, үш ұлы бар
- 1979 ж. (Мәскеу) КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері;
- 1979 ж. (ГФР, Кельн) 1981 ж. (Финляндия, Тампере) Екі мәрте Еуропа чемпионы;
- 1979 ж. (АҚШ, Нью-Йорк) Әлем кубогінің иегері;
- 1980 ж. Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері;
- 1981 ж. (Канада, Монреаль) Әлем кубогінің иегері;
- 1982 ж. (ГФР, Мюнхен) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 1980-1984 ж. КСРО чемпионы;
- 1981-1987 ж. Бапкерлік жұмыстар атқарды;
- 1990 ж. Коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының президенті;
- 1992-94 ж. ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті;
- 1994-96 ж. ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті;
- 1999 – 2011 ж. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты;
- Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті;
- 2010-2014 ж. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі.
Жетістіктері:
- 1993 ж. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері;
- 1980 ж. “Қажырлы еңбек үшін”;
- 1984 ж. “Еңбек озаты”;
- 2001 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»;
- 2006 ж. «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»;
- 2004 ж. «Құрмет» ордендерімен марапатталған.