Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).

Туған жылы: 1 қаңтар, 1922 жылы (8 ақпан 2011 жылы дүниеден өтті)

Туған жері: Қазалы, Түркістан КФР, КСРО

Білімі:

  1. 1939 жылы Қызылорда педагогика институты;
  2. Ташкент тоқыма институты.

Отбасы:

Бірінші күйеуі — Садық Әбдіжаппаров

Екінші күйеуі — Сатыбалды Жатбаев

Ұлы – Тәжен, келіні – Марал, немерелері – Ақерке, Тәжібай, Үрбибі.

розаЕңбек Жолы:

  • Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші;
  • Аталмыш ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады;
  • 1947 – 1949 жылдары Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында;
  • 1949 – 1960 жылдары Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда;
  • 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты.

Марапаттары:

  • 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты;
  • 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты;
  • Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендері мен Шапағат медалімен марапатталған.

Әншіге құрмет

  • Әйтеке би кентіндегі орталық көшеге және мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді.
  • 30 мамыр 2015 жыл. Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. «
  • Жеңіс» саябағында салынған Роза Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш-бюсті қойылды.

Пікір қосу