Ұлықпан Жолдасовтың шәкірті, Дауыс KZ” тобының экс әншісі Бердібек Құлғараев шаңырақ көтерді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Той әншінің туған жері Ақтау қаласында өтті. Әншінің жарының есімі — Бақыт. Бердібектің қуанышымен бөлісуге Ұлықпан Жолдасов, Музарт тобы, Төреғали Төреәлі, Арай, «Самал» тобы, Фарида Жолдасова, Бауыржан Ретбаев және әншінің ұстазы Люция Төлешова келді.

Білуімізше, Бердібек — отбасындағы жалғыз ұл. Бұл жаңалыққа ата-анасы, достары қуанып жатыр. Біз де жас-жұбайларға тек қана бақыт тілейміз!

Пікір қосу