Темір Санжарұлы Сегізбаев — футболдан спорт шебері (1963), ҚазКСР-нің ЕСЖ-сы (1972). Сегізбаев 1957ж. Рига қаласында өткен мектеп оқушыларының 9-Бүкілодақтық спартакиадасына алғаш рет қатысып, шеберлік керсетті. 1960 жылдан жоғары топтағы «Қайрат» футбол командасында ойнап, жоғары топта 167 рет жасыл алаңға шықты.
Туған жылы: 12 мамыр, 1941 жылы
Туған жері: Семей қаласы
Білімі: 1962 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы-оқытушы.
Отбасы: Үйленген. Жұбайы — Сегізбаева Клара Абдоллақызы, қыздары – Айгүл, Жанна, Лаура;
Еңбек жолы:
- 1955 ж. Футболдан ҚазКСР жасөспірімдер құрамасының ойыншысы;
- 1959 ж. Жастардың футбол мектептері арасындағы одақ біріншілігіндегі ҚазКСР құрамасы құрамында ойын көрсетті (Воронеж);
- 1960 ж. «Қайрат» футбол командасының шабуылшысы (Алматы);
- 1970 ж. «Автомобилші» командасының аға жаттықтырушысы (Қызылорда);
- 1971 ж. «Шахтер» командасының аға жаттықтырушысы (Қарағанды);
- 1973 ж. «Қайрат» командасының жаттықтырушысы;
- 1976 ж. . «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы (Алматы);
- 1982 жылдан — КСРО олимпиадалық құрамасы жастар құрамының бас жаттықтырушысы;
- 1983 жылдан — «АХЛИ» футбол клубының бас жаттықтырушысы (Абьян, Йемен), Йемен ХДР жеке құрамасының жетекшісі;
- 1987 жылдан — «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы (Апматы);
- 1989 жылдан — Қаз КСР Спорткомитеті футбол бөлімінің бастығы;
- 1989 жылдан — ҚазКСР Футбол ассоциациясының және Футбол одағының вице-президенті, президенті, бас хатшысы (ҚР);
- 2006 жылдан — зейнеткерлік демалыста.
«Т.Сегізбаев өмірінің он күні» кітабының авторы, «Қашан өзімізде Пеле болады?» кітабының бірлескен авторы.
Марапаттары:
- 1963 ж. Спорт шебері;
- 1973 ж. Футболдан КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері;
- 1973 ж. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
- ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері.