ермахан

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов — боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы.

Туған жылы: 1 қаңтар,1972 жылы

Туған жері: Жамбыл облысы, Тельман ауылы

Отбасы: Үйленген, 5 ұл, 1 қыздың әкесі

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультеті, заңгер;

Қызметі:

  • 1993 ж. «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
  • 2000 — 2002 жылдары Ақтөбе қаласында бокс мектебін ашып, өзі алғашқы директоры болды;
  • 2002 — 2004 жылдары бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері.
  • 2007 жылдан бері «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті.

ермахан

Жеткен жетістіктері:

  • 1986 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы.
  • 1987 жылы Алматы қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы арнайы спорт — интернатының түлегі.
  • 1988 жылы Ростов – на – Дону қаласындағы КСРО чемпионатында КСРО чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын иеленді.
  • 1990 жылы Иркутск қаласында жастар арасындағы КСРО чемпионатында тағы да КСРО чемпионы атанып, КСРО құрама командасының сапына қабылданады.
  • 1991 жылы ересектер арасындағы КСРО кубогының қола жүлдегері. (Украина, Семфиропаль қаласы)
  • 1994 — 2000 жылдар арасында Қазақстанның қатарынан жеті дүркін чемпионы.
  • 1995 жылы І — Бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы. (Италия, Рим қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
  • 1996 жылы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.
  • 1997 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ( Венгрия, Будапешт қаласы)
  • 1998 жылы Азия ойындарының чемпионы. (Тайланд, Бангкок қаласы)
  • 1999 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (АҚШ, Хьюстон қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
  • 1994 — 2000 жылдар аралығында Өзбекстан, Ресей, Түркия, Тайланд, Германия, Швеция елдерінде өткен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
  • 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Марапаттары:

  •  ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы;
  • I дәрежелі «Барыс» (2000) ордені;
  • «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалі;
  • «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000);
  • «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).

Пікір қосу