Шымкенттегі білім ордасындағы ұстаздар мен ата-аналар жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелген басшыға тағы да қарсылығын көрсетіліп жатыр. Бұл туралы kz.otyrar.kz бөлісті. №12 мектептің ұстаздары тергеуде жүрген бұрынғы директордың енді сабақ беруге көшкеніне наразы.

М. Горький атындағы мектептің директор Дариға Әлімбекова жемқорлық ісімен күдіктеліп, жұмысынан босаған еді. Алайда мектеп мұғалімдерінің айтуынша, Дариға Әлімбекова қазір мектепте  қарапайым мұғалім болып жұмыс істеуде. Тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан ол қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жатыр дейді олар.

«Біздің директор қосымша сабақтар үшін мұғалімдерден пара алған делініп, қазір тергеліп жатыр. Бұл олқылықтар үш жылға созылып келген»,-деді  бастауыш мектептің мұғалімі Мария Голованова.

Ұжымдық шағымға ата-аналар да қосылды. Ата-аналардың пікірінше, мектеп басшылығ бор, шүберек секілді ұсақ-түйек қажетті заттардан бастап үлкен құрылыс материалдарына дейін ақша жинаған.

Оның айтуынша мемлекет қажетті жабдықтармен қамтамасыз етпейді. Әр жиналыста айтатыны осы. Бұл оның сүйікті сөзі болатын. Аппаратура мен қоршаулар ата-аналардың қаражатына алынған.

Жемқорлыққа қатысты айқай-шудан кейін 30 қаңтар күні мектеп директоры Дариға Әлімбекова жұмыстан босатылып, 5 ақпан күні қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Мұнысын құп көрмеген ұстаздар мен ата-аналар сала басшыларына шағымданды. Ұжымда ылаң туғызуы мүмкін деп алаңдаған педагогтар оны басқа мектепке ауыстыруды сұранып отыр.

Жанат Базарова, Шымкент қалалық білім басқармасының әкімшілік бөлімінің жетекшісі: «Білім саласында жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділік қағидаты жұміс істейді. Соны басшылыққа алып біз директорды орнынан алып тастадық. Д. Әлімбекова конкурстан өтіп бұл қызметке 3 жыл бұрын келген болатын. Алайда, оның біліміне қарағанда оның осы пәннен сабақ беруіне болады. Алайда қазіргі мектептегі жағдайды ескеріп, біз оны басқа мектепке ауыстырамыз”.

№12 мектептің директорымен сұқбаттасудың сәті түспеді. Оның орнында қазір уақытша басшының міндетін атқарушы отыр.

Пікір қосу