Соңғы бі апта Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырды. Алматылық Шиара Құдайбергенов Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 140 балл жинап,үздік нәтиже көрсетті. Шиара Алматы қаласындағы 123 мектеп-гимназиясының  түлегі. Ол тестілеуді 25 маусым күні Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде тапсырған болатын.

«Мен негізі көптеген тесттермен жұмыс жасадым. Барынша сұрақтарды жаттап, ең бастысы, түсініп оқып дайындалдым. Дайындық кезінде 120, 130 балл жинайтынмын. Соңғы дайындық тестілеуде 136 балл жинағанмын»-, деді мектеп бітіруші Шиара.

Пікір қосу