«Егер мектеп бітіруші ҰБТ-да қажетті баллды жинай алмаса, оған тестті қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Алайда, екінші нәтижемен түлек мемлекеттік білім грантына таласа алмайды, тек ақылы негізде ғана білім ала алады. Бұл жүйе баяғыдан бар. Ал екі мүмкіндікте де тестілеуден өте алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады және бірінші семестрдің соңында кешенді тест тапсырады. Бұл жолы қажетті ұпай жинаса, университеттегі білімін жалғастыра береді. Яғни, балалардың жоғары білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, 2018 жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге бірнеше өзгерістер енгізілді. Біріншіден, енді белгілі себептермен ҰБТға қатыса алмаған түлек, басқа күні тест тапсыру мүмкіндігіне ие.

 

Пікір қосу