Әлеуметтік желі тұтынушылары 7 жасар баланы «зорлады» деген іске қатысы бар деген баланың тегі , балалар оқитын мектеп директорының тегімен бірдей екендігі анықтаған. Және де балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы, тіпті, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты да Селтанов болып шықты.

Яғни, мектеп директоры- Бибігүл Селтанова, аудандық мәслихат депутаты-Сапарғали Селтанов, полиция басшысы-Бауыржан Селтанов. Олар бір мекен-жайда тіркелген екен.

Еске сала кетсек, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен талқыға түсті. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева бұл істі қолған еді. Ол 7 жасар баланы Астанадағы «Асыл бала» республикалық қауымдастық орталықтың қамқорлығына алып келген болатын.

Ал, қазіргі таңда баланың анасы мемлекеттік көмектек бас тартып, ұлын өз қамқорлығына алып кетті.

 

Пікір қосу