Актер Азамат Сатыбалды талай мәрте одан ұлының шапалақ жегенін айтты. Ол бұл әрекетін ұлының жігерлі азамат болып өсуі үшін осындай қадамға баратынын айтты. Бұл туралы Асхат Садырбайдың «Үлкендердің әңгімесі» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

“Қазіргі кезде баланы ұрып тәрбиелесең жүрегіне зиян деп айтып жатады. Біз сол шапалақ арқылы өстік. Ана мен баланың шапалағы мейірімге толы, ол исламда да бар. Менің үлкен атам бар, сол баяғыда балаларын қарғап-сілеп жатады екен. Сонда қасындағы көршісі: «Сен туған балаңа жамандық тілеп жатқаның не?» – деп сұрапты. Сол кезде: «Мен тамағымды қысып қойып боқтаймын оларды, тек қана тілімнің ұшымен», – деген екен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бала бұл өмірде әкенің, шешенің шапалағы бар екенін сезіну керек”, – дейді Азамат Сатыбалды.

«Бала 15-20 жасқа келгенде бір бұзықтық жасап, өмірінде бірінші рет шапалақ жесе, ол ертең барып асылып қалуы мүмкін. Сондықтан да бала кішкентайынан шапалақты сезінуі керек. Өзі де кейін ұл-қыз тәрбиелегенде соған жүгінетін болады. Бір ғана ұлым бар, мен де оны еркелетуге тырысамын. Бірақ орнымен, шама келгенше қатты ұстаймын», – дейді актер.

Пікір қосу