Данэлия Төлешова Мәскеуде өтіп жатқан І Халықаралық кәсіби музыкалық BraVo сыйлығының концертінде әйгілі ZAZ-бен бірге ән айтатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

«BraVo сыйлығының кішкентай жұлдызы кім екенін хабарлайтын сәт туды. Ол өз жасына қарамастан көптеген жетістікке жетіп үлгерген. Ол «Аялаған Астана» байқауында жеңіске жетіп, «Балалар Жаңа Толқынында» финалға шығып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, «Надежды Европы» халықаралық байқауында Гран-при иеленіп, таяуда украиналық «Голос» шоуында жеңіске жетті. Ол жобада жеңімпаз атанған алғашқы шетелдік болды. Мұндай бастамасымен, дарынымен және еңбекқорлығымен оны үлкен шығармашылық жол күтіп тұрғаны анық. 10 наурызда Данэлия француз әншісі ZAZ-бен бірге «Je veux» әнін орындайды. Ал біз оған «BraVo» дейміз», – деп жазылған жазбада.

 

Пікір қосу