Айгүл Иманбаеваның экс-продюсері, құрбысы Баян Мақсатқызы Айгүлдің бір құпиясының басын ашқандай болды. Продюсер әлеуметтік желіге құрбысы екеуінің ескі суретін жүктеп, жұртты ойландырар жазба жазды.

«Қай жылғы сурет екенін беймін. Алайда әлі күнге дейін продюсер мен әнші шай үстінде шығаршылық жоспарларын құрады.Ал жақын арада біз Айгүлге барамыз. Не үшін деп ойлайсыздар?  «,-деп көп нүкте тастап кетті продюсер.

Оқырмандары түрліше болжады. Бірі Айгүл Иманбаева «тұрмысқа шығады» деп, бірі туған кеші, бірі концерттік кеш деп ойлайтындығын жазды.

Пікір қосу