Қазақстандық «Бастау» домбырашылар дуэті Латвия астанасы Ригада өткен «Восходящие звезды» халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Жүлдемен қоса, музыканттар Голливудта өтетін үлкен шоуға жолдама алды. Бұл туралы домбырашылардың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Қазақ домбырасының үнімен бас жүлдеге ие болған топты өнердегі достары құттықтап, халықтан «сүйінші» сұрады.

«Сүйінші!!! «Бастау» @bastau.group тобы Латвия астанасы Ригада өткен «Восходящие звезды» xалықаралық байқауына қатысып, әртүрлі музыкалық аспаптарды артқа қалдырып, қазақ домбырасымен БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!!! Басты сыйлық — Hollywood-та өтетін үлкен шоуға жолдама алды!!! Құтты болсын, Қазақ елі! Қуан, Қазақстан! Голливуд, кездескенше!!! Бізге қолдау көрсеткен Айман Қожабекқызы Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс!!», — деп жазды әртістер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қосу