Ресейдегі Алтай өлкесінің әкімшілік орталығы Барнаулдың атын Путинград деп өзгерту керек. Барнауыл қаласындағы муниципалды депутаттыққа үміткер Марина Чаузова осындай ұсыныс білді. Бұл туралы juldyz.kz cайты «Говорит Москва» радиостанциясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Путин тек қана біздің лидер емес. Ол дүниежүзінің көшбасшысы. Егер біз қаламыздың атын лидеріміздің атына берсек Барнауыл орнынан түрегеледі. Барлық сала бойынша дамиды.Қаланың бюджеті молайып адамдар мейрімді бола бастайды», — дейді Марина Чаузова. Оның сөзінше, қаланың атын өзгертуден оңды өзгеріс болғанына Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларын мысал етуге болады. Жуырда Марина Чаузова арнайы петиция әзірлемек.  

Пікір қосу