Қазақы дәстүрлердің насихаттаушысы, Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметованы қалың қазақ қайынатасы туралы жазған  мемуар кітаптары мен мақалаларынан жақсы таниды. Оның жақын арада қазақ салт-дәстүрінің шығу тегін толыққанды түсіндіріп беретін жаңа кітабы шығатыны белгілі болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Зейнеп Ахметованың «Шуақыты күндер», «Бабалар аманаты» кітаптары оқырман арасында үлкен сұранысқа ие. Өмірдің өзі бейнеленген кітаптар жылы естеліктерге толы. «Жас Отан ньюс» инстаграм парақшасында оның бүгінгі күні белең алып кеткен, қазақ халқына бұрын-соңды жаттау болған «әдет-ғұрыптарды» жайлы айтылған сөздері оқырманды елең еткізді.

Соңғы вальс пен гүл лақтыру және басқа да жат дәстүрлер жайлы. Әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова қазіргі заман тойларының қазақы салт-санаға жат әдеттерге толып кеткенін сынға алып, той-томалақта ұлттық дәстүрге қайшы бірнеше әдеттерді атап өтті. Олар: Тойда жаңа түскен келінді төрге отырғызу Жартылай жалаңаш қалыңдық көйлегімен келінге беташар жасау Қыз ұзатуда әкесімен вальс билеу Гүл лақтыру Ата-енеге торт жегізу Сондай-ақ, құрсақ шашудың мәнін түсіндіріп берді. «Бұл дәстүр қай уақытта болады? Ол келіні жаңадан жерік болғанда орындалады. Жерік әйел көңілі неге тартып тұр, неге іңкәрі ауып тұрғанын білмей қиналады. Мінекей сол кезде енесі оның жерік асын тауып беру үшін ауылдағы әйелдерді шақырады. Барлығы үйлерінен бір-бір дәм алып келеді. Тамақ алып келеді. Не нәрсеге әуес екенін табуға тырысады. Мүмкін бір тамақ болмаса бір тамаққа көңілі шабар дейді. Тіпті оған ер азаматтар да сырттай аңның, құстың етін, балық, қарақат, мойыл секілді нәрселерді әкеледі. Өйткені жерік асты тауып беру сауабы мол, қасиетті нәрсе. Баланың қалай болуы, алдағы уақытта оның күш қуатының қандай болуы, оның иммунитеті осы жерік асқа байланысты», — дейді бір бойынан қазақ келінінің бар қасиеті табылатын Зейнеп Ахметова. Тұсауды қайшымен кесуге болмайтынын білдіңіз бе?! Қайшы деген екі жүздің бір бірімен қайшылануы. Баланың өмірі қайшыланады. Сондықтан қайшымен кесуге болмайды екен. Сонымен қатар, қазақ тұсауды әжелер мен тұрмысқа шықпаған қызға, үйленбеген жігітке де кескізбеген. Бұның бәрін Зейнеп Ахметованың жақын арада қазақ салт-дәстүрінің шығу тегін толыққанды түсіндіріп беретін жаңа кітабынан біле аласыз! #ЖасОтан #НұрОтан #жастар#ZhasOtanNews #NurOtan #Астана

A post shared by Жас Отан (@zhas_otan) on

Үйлену тойларында дәстүрлі түрде жалғасып келетін гүл лақтыру және «Қы ұзату» тойындағы әкесімен «вальс» билеу және  т.б. «дәстүрлерді»  сынға алып, тойда жаңа түскен келінді төрге отырғызу, жартылай жалаңаш қалыңдық көйлегімен келінге беташар жасау, ата-енеге торт жегізу сынды той-томалақта ұлттық дәстүрге қайшы бірнеше әдеттерді атап өткен. Бұл ойларының барлығын жазушы Қыздар педагогикалық университетінің студент жастарымен болған кездесуде жеткізген.

Пікір қосу